Мұғалжар ауылында жергілікті тұрғындар үшін ойын алаңы мен воркаут салынды. Енді балалар ашық аспан астында дене шынықтырумен және спортпен айналыса алады. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған осындай жобалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.