Биыл тарихы тереңде жатқан Мұғалжар теміржол станциясына 120 жыл. Айтулы мереке қарсаңында теміржол бекетінің ардагер қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды. Онда 70-тен астам еңбеккердің аты-жөндері тасқа қашалып жазылған. Тағылымы мол шараға жан-жақтан жиналған теміржолшылардың ұрпақтары үлкен ас беріп, ата-баба рухына тағзым етті.