Тарих пен аңызға толы Ақтөбе. Бір апта бойы өңірде тарихи - танымдық экспедиция өтіп, бүгін зерттеуші мамандар қорытынды жиын өткізді. Ғалымдар алты күн ішінде 60-қа жуық елдімекен мен географиялық нысандарды аралап, құнды ақпараттар жинақтады. Енді бұл деректерді Қазақстанның 3Д топонимдік картасына енгізбек. Тақырыпты әріптесім жалғайды.