Қарабұтақ ауылында ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы бар. Ол - осы өлкенің талантты перзенті, ақын Қуандық Шаңғытбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп. Бүгінге дейін ауыл балаларын білім нәрімен сусындатқан ғимараттың соңғы жылдары шатырынан су кетіп, едендері ескірген. Ауыл тұрғындары күрмеуі күрделі мәселені бірнеше мәрте көтергеннен кейін жергілікті әкімдік те бейжай қалмай, биылғы жұмыс жоспарына енгізген. Қазіргі уақытта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.