Жыл сайын 28 шілдеде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн гепатиттің алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері туралы ақпаратты таратуға арналған. Осыған орай қала тұрғындары көп шоғырланған орындарда денсаулық акциясы өтті. Онда келушілер қандағы қант мөлшерін біліп, қан қысымын өлшеп, кеңес алды.