Спортшыларды 2028 жылғы Олимпиадаға дайындау үшін облыста "Ақтөбе олимпиадалық спорт клубы" жұмысын бастады. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында өңір спортын дамытудың нәтижелері мен келешегі талқыланды.