Өңірдегі татар-башқұрт ұлтының өкілдері Сабантой мерекесін атап өтті. Дәстүрлі шарада "Шатлық" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері ән мен биден шашу шашып, мерекенің көркін қыздырды. Сабантой баршаға қуаныш пен шаттық сыйлап, достықтың дәнекері бола білді.