Ғасырларға жалғасқан ерлік. Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай республикалық форум басталды. Ауқымды шараға Ресей және Қазақстанның түрлі өңірлерінен мәртебелі меймандар келді. Мерген қызды еске алуға арналған форум қонақтары алдымен батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, патриотизмнің символына айналған аңыз тұлғаның рухына тағзым етті.