Аймақта мүгедектігі бар 31 мыңға жуық адам бар. Оның 5 500-ден астамы ерекше бала. Қазіргі уақытта нақ осы ерекше балалардың денсаулығына айрықша мән беріліп, оларға мемлекет тарапынан қолдау артып келеді. Мәселен, биыл Темір ауданында менталдық және қозғалыс кемістігі бар балаларға арналған жаңа орталығы ашылмақ. Ал жалпы халықтың бұл санатын әлеуметтік қолдау арнайы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.