Сондай-ақ Рәміздер күні қарсаңында орталық саябақтағы биіктігі 42 метрді құрайтын шолу дөңгелегінің әрбір кабинасына мемлекеттік ту ілінді. 24 дана туды ілудегі басты мақсат - айтулы мерекені ұлықтау, шаһар тұрғындарын отан сүйгіштікке баулу. Жастарды көк байрағымызды құрметтеуге шақыру.