"Жасыл ел" еңбек жасақтарының жаңа маусымы шымылдығын түрді. Биыл 3200 жас қала мен ауылды көркейтуге атсалыспақ. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан аймақ басшысы Асхат Шахаров жастарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, шараға еңбек ұйымына қабылданған 16 мен 35 жас аралығындағы ақтөбеліктер қатысты. Ұйым жастары 3 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: абаттандыру, көгалдандыру және құрылыс. Бұдан бөлек, өңір тазалығына атсалысып, түрлі экологиялық акцияларға қатысады.