Байғанин ауданында цемент зауытының құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Тәулігіне 3 жарым мың тонна цемент клинкерін өндіретін жоғары технологиялы желі 2027 жылы іске қосылады. Сөйтіп 1 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Құрылыс кезінде 900 адам еңбек етпек. Жоба құны шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Айтып өтейік, зауытта көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға арналған озық технология мен заманауи сапа стандарттары қолданылмақ. Бұл цемент өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Импортты алмастырып, шетелден әкелінетін цемент өнімдеріне тәуелділікті едәуір азайтады.