Қалада Судьялар одағының ХІ спартакиадасының аймақтық кезеңі басталды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық сот төрағасы Айдарбек Смағұлов, облыс прокуроры Марат Әбішев қатысты.
Асхат Шахаров Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Сондай-ақ, спартакиада маңызына тоқталып, судьялар мен құқық саласының қызметкерлері қоғамға тек заң шеңберіндегі әділдік арқылы ғана емес, өмір салты, тәртібі мен өнегесі арқылы да үлгі көрсетуі тиіс екенін тілге тиек етті.