"Алақай" қуыршақ театрының актрисасы Гүлнар Баймағанбетова Президент жарлығымен "Құрмет" орденінің иегері атанды.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Мемлекет басшысының құттықтау жиынына қатысып, зор құрметке бөленді. Ал бүгін жоғары атаққа ие болған өнер иесін әріптестері пойыздан салтанатты түрде күтіп алды. Мәдениет қайраткері театрда 35 жыл еңбек етті.

Актерлік труппаға 1991 жылы қабылданған ол театр репертуарындағы үздік спектакльдерде Қарға, Қонжық, Атбалық, Ләйлектің балапаны, Желаяқ, Мыстан секілді көптеген образымен көпшіліктің көңілінен шықты.