Жазда 699 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынов атындағы №24 мектеп те бар. Мектеп лагері 55 баланы қамтымақ.
Демалыс екі аптаға созылады. Ойындар, экскурсиялар ұйымдастырылады. Балаларға күнделікті төрт мезгіл тамақ беріледі.
Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы осал отбасылардың балалары үшін демалыс тегін, ал өзгелері күніне 2438 теңге төлейді