Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бір топ ақтөбелік марапатталды. Салтанатты шарада ешбір сала елеусіз қалған жоқ.
Талай хан мен бидің бейнесін тірілткен театр актерларына да, қалам ұстаған ақынға да, сахна сыртындағы мамандарға да лайық құрмет көрсетілді.
Марапат алып марқайған қызметкерлердің қуанышты сәтіне телеарнамыздың түсірілім тобы куә болды.