Биыл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары үшін жергілікті бюджеттен 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. 242 жоба қолдау тапты. " Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестің тізгінін ұстағандардың ісі өрге басып келеді.
Мәселен 2010 жылы небәрі 41 жоба қолдау алса, бұл көрсеткіш 2022 жылы 4500-ге дейін өсті. Жалпы он екі жылда 12 мыңнан астам бизнес бастама қаржыландырылған.