Заң мен тәртіп - өмірлік ұстанымымызға айналуы тиіс. Өңірге жұмыс сапарымен келген Президент Кеңесшісі Мәлік Отарбаев құқық қорғау органдарының өкілдерімен өткен кездесуде осылай деді.

Прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар және әскери құрылымдардың қызметкерлері қатысқан жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды.