Өңірге жұмыс сапарымен келген Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев ақтөбелік белсенді жастармен кездесті. 


Жиында облыста жастар саясатының жүзеге асырылуы барысы, «Таза Қазақстан» акциясы, «Zhas Project» жобаларының жұмысы туралы баяндалды. Мәлік Отарбаев жастармен ашық диалог орнатып, олардың пікірін тыңдап, еліміздегі жастар саясаты, білім беру саласындағы мүмкіндіктерді айтты. 


Сондай-ақ, Президент кеңесшісі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда талқыланған маңызды мәселелерге тоқталып, қоғамдық бірлік пен әділетті Қазақстан құру жолындағы бастамаларға назар аударды.