Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр ұжымының жұмысы қызу. Маусым бойы көрерменге төрт қойылым ұсынып, ізін суытпай тағы да жаңа спектакль сахналамақ.

Алдағы уақытта өнер ордасының қоржыны философиялық ой салатын әлемдік деңгейдегі туындылармен толықпақ. Мұндағы мақсат - талғампаз көрермен қалыптастыру.