Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев мәдениет, спорт, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының 4-ші Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды.
Сала өкілдері Президент кеңесшісіне көкейкесті сауалын жолдады. Алқа жиынынан кейін Мәлік Отарбаев шаһарда таяуда ғана қолданысқа берілген "Жайлы мектептің" тыныс-тіршілігімен танысып, білім ордаларының директорларымен жүздесті