Кейін "Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары" қоғамдық бірлестігінің мүшелері мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығына барды. Мұнда түрлі кездесулер өтіп, кеңес те беріледі.
Мүгедектігі бар адамдарды қоғамға бейімдеп, олардың кәсіпкерлік, әлеуметтік жұмыстармен айналысуына мүмкіндік жасайтын орталықтың бүгінгі тынысымен танысқан қонақтар көп нәрсені ойға түйді.
Әрі осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін қандай қолдау шаралары қажет екенін білді.