Елімізде мобильді аударымдарды тексеру жоспарланып отыр. Мақсат - заңсыз кәсіпті тоқтату. Себебі кейінгі кезде кассалық аппаратты, POS-терминалды, QR кодты қолданбай тауары немесе көрсетілген қызметі үшін аударым арқылы ақы алатындар көбейген.
Түбіртек берілмейді, сәйкесінше қандай да бір мәселе туындағанда тұтынушы құқығы тапталады.