Байғанин ауданында туып-өскен бір топ азамат "Туған жерге тағзым" акциясын өткізді. Олар жиылып, осыдан 50 жыл бұрын орнатылған ескерткішті қайта жаңғыртты. Айналасын көгалдандырып, ағаш екті. Сонымен бірге соғыс ардагерлері Сағызбай Отыншин мен Таңат Әбдірұлы тұрған үйлерге ескерткіш тақта орнатты