"Шырқа, менің сырнайым". Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінде осындай атаумен өнер кеші ұйымдастырылды. Талантты жастар баян мен аккордеонда танымал шығармаларды орындап, шеберліктерін паш етті.
Өнер ордасының білім алушылары қыркүйекте Босния және Герцеговинада өтетін халықаралық байқауға дайындықты бастап кеткен.