Белгілі ақын, публицист, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Мейірхан Ақдәулетұлы келер жылы 75 жасқа толады.

Көрнекті әдебиет қайраткерінің мерейтойы қарсаңында Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана "Зиялы қауым-ұлт тұздығы" атты кеш ұйымдастырды. Оқырмандармен кездесуде қаламгер өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, кітаптың құндылығы жайлы сөз етті.