Өңірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы келді. Сарапшылар заң нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізіп, семинар ұйымдастырды. Жиында еңбек шарттары сақталмаған жағдайға қолданылатын талаптар мен әрекеттер, жұмысшы құқығы жайы талқыланды. Шара соңында бірқатар кәсіпорын қызметкерлері «Еңбек озаты» медальімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Айта кеткен жөн, аталмыш жиын елдегі кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына мен Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Кәсіподақ десанты» шарасы аясында өтті. Іс сапар әлі де жалғасады. Жыл басынан бері мұндай кездесулер еліміздің бірнеше өңірінде өткізіліп келеді.