Ірі кәсіпорындар - қоршаған ортаның ластануына тікелей себепкер. Зауыттан шығып жатқан зиянды заттар ауаны бұзады. Экология кодексінде ортақ баланстың сақталуы анық көрсетілген. Талап бойынша кәсіпорындарда, өндірісте қоршаған ортаны бақылайтын автоматтандырылған станциялары қондырылуы тиіс. Экологтар бүгін осы заңдылықтың сақталуын тексеріп, Ақтөбе жылу электр орталығына барды.