Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл. Татулықты ту еткен институт 1995 жылғы 1 наурыздан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта елімізде 1000-нан астам этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр.
Өңірлерде 32 Достық үйі бар. Бүгін зиялы қауым өкілдері бас қосқан конференцияда бірлік пен келісімді нығайтқан Ассамблеяның 30 жылдығы туралы кеңірек айтылды.