30238 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген бір топ қазақстандық аман-есен үйіне аттанды. Олар бір жыл ішінде түрлі әскери дағдыны үйренді.
Арнайы полигонда тәжірибе жинап, оқ пен оттың ортасында әрекет ету жолдарын меңгерді. Жалпы саны 150-ге жуық жігіт енді әрі қарай жұмысына кіріседі, кейбірі оқуын жалғастырады. Оларды шығарып салу рәсімі салтанатты түрде өтті.
Әскери горнизон оркестрі музыкамен сүйемелдеп, үздіктеріне грамота, алғыс хат пен естелік сыйлық берді. Ата-аналары да марапатталды.