1-сынып оқушыларын қабылдау сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Ол үшін ата-ананың өтініші, баланың электронды нұсқадағы фотосы мен денсаулығы туралы анықтама болса жеткілікті. Құжаттар егов.кз порталында қабылданады. Биыл алғаш мектеп табалдырығын аттайтындардың саны шамамен 19 мыңнан асады.