Есірткі саудасын азайту, қылмыстың алдын алу мақсатында өңірде "НаркоStop" атты кезекті іс-шара өтті. Акцияға қала жастары мен құзырлы орган өкілдері қатысты. Олар қаланың ескі бөлігіндегі тұрғын үй қабырғаларына жазылған заңсыз жарнамалар мен байланыс нөмірлерін өшірді. Айта кетейік, есірткі саудасы мен тасымалы жастар арасында жиі кездеседі. Оңай ақшаны көздейтіндердің көбі 17 мен 30-жас аралығындағылар екені анықталған.