Шетел студенттері үшін көші-қон заңнамасын білу – аса маңызды. Бүгін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде мамандар еліміздің көші-қон заңнамасы, виза рәсімдеу талаптары, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және еңбек ету ережесін таныстырды.