"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Ақжар-2 және Есет батыр тұрғын алабында білім ұялары пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 12 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылмақ. Осылайша аймақта 3 ауысымды, апатты мектептердің мәселесі толығымен жойылады. Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров жаңа білім ордаларын аралап көрді.