Оқушылар "Хабар Сервис" баспаханасының ісімен танысты. Көктемгі каникулды тиімді ұйымдастыру мақсатында Темір ауданының білім бөлімі жеткіншектерге арнап экскурсия ұйымдастырды.

Өңірдегі мәдени нысандарды көрсетіп, жұмысшы мамандықтар жылына орай орта арнаулы оқу орындары мен өндірісті аралады.