"Таза бейсенбі" акциясына жергілікті кәсіпкерлер де өзіндік үлес қосты. Бизнес нысандарының маңын күл-қоқыстан арылтып, айналасына ағаш екті. Тек дүкеннің жанын емес, сол аумаққа қарасты алаңқайларды да тазалап, мұнтаздай етті. Көшедегі бос аумаққа көшет отырғызып, алдағы уақытта жақын маңнан шағын саябаққа ашуды көздеп отыр.