"Ауыл аманаты" бағдарламасы шеңберінде облыста құны 16 млрд теңгені құрайтын 2800-ден астам жоба қолдау тапты. Шалғайдағы ағайын кәсіп бастап, 3000-ға тарта адам еңбекпен қамтылды. Биыл жобаны жүзеге асыруға республикалық қазынадан 4 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын кімдер көре алады, шағын несие алудың шарттары қандай?