Биыл егіс науқаны облыстың оңтүстік-батыс аудандарында сәуір айында басталады. Шамамен 800 мың гектардан астам алқапқа егін егу жоспарланып отыр. Егіс жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында 6,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. 44 мың тонна тұқым дайындалды.