Кішкентай ақтөбеліктер ғалым Шоқан Уәлихановтың ең үздік экспедицияларының бірі Қашқария сапарымен танысты. Алғаш рет толықметражды нұсқада шыққан мультфильм 20 наурыздан бастап кинотеатрларда көрсетілуде.
Анимациялық туындыны "Қазақстан" телерадиокорпорациясының "Balapan" телеарнасы ұсынды. Мейрам күндері көпбалалы отбасы балаларына мультфильмді тегін тамашалау мүмкіндігі берілді.