Жобалық менеджмент-мектепте. Ақтөбелік ұстаздар мен оқушылар Мемлекеттік басқару академиясының базасында жобалық менеджмент негіздерін меңгеруде. 4 күндік оқыту семинарына қаладағы білім беру мекелерінің 25 мұғалімі мен 25 оқушысы қатысып жатыр. Олар жобаларды басқару, уақыт пен инвестиция, қаржыны тиімді жұмсау тетіктері туралы теориялық білім алып, практикалық дағдыларын қалыптастырады. Шара соңында «Идеялар фабрикасына» өз жобаларын ұсынбақ. Бұл бағдарлама алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. 2023 жылы Ақтөбеде пилоттық жоба ретінде қолға алынған болатын. Биыл жалғасын тапты.