Шалқарда "Білім беру округі: сапалы білімге жаңа қадам" атты облыстық форум өтті. Форум кезінде №5 аумақтық білім беру округі өз жұмысын бастады.
Бұл мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, инновациялық оқыту әдістерін енгізу және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Аталған округке 5 тірек мектебі мен 29 магниттік мектеп кіреді.
Сонымен бірге 28 бөбекжай-балабақша, 24 мектепке қарасты шағын орталық, 5 қосымша білім беру ұйымы және 1 колледж қарайды.