9 жасар Ернар Мұрат халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды. Кішкентай спортшы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен дзюдошылар додасында алты елден шыққан қарсыласын ойсырата жеңіп, еш кедергісіз жүлдеге ие болды.
27 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшының бұл халықаралық деңгейдегі алғашқы байрақты бәсекесі. Қазақстанның намысын қорғап келген ақтөбелік дзюдошыны жақындары мен спорт клубының ұжымы бар сән -салтанатымен күтіп алды.