Өңірлік "Ақ қызылдар" командасы түркістандық "Тұранды" жеңіп, маусымдағы алғашқы үш ұпайын алды. Өткен жексенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2 туры өткен болатын. Ойынның 29 минутында "Ақтөбе" ойыншылары есеп ашып, қарсылас командаға алғашқы голын салды. Алайда, Түркістаннан келген қонақтар екінші таймда есепті теңестіріп ойынды қайта жандандырды. Дегенмен,
кездесудің тағдырын 83 минутта өңірлік команда ойыншысы Еркебұлан Сейдахметтің баспен соққан голы шешті. Осылайша, "Ақтөбе" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді.