Ақтөбе қаласы мен 12 аудан аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Дайындық аясында қорғаныс бөгеттері салынып, арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырларын тазарту жалғасады. Құм толы қап дайындалып, өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірімізде мұндай 22 орын бар. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Кахарман Оразалиннің айтуынша, қызметкерлер 59 бау-бақша ұжымын аралап, тұрғындарға қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керек екенін түсіндірді.

Штаб отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров су басу қаупін азайту үшін көшелерді және аула аумақтарын қардан тазартуды, жаңбыр суын сору жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне мониторингті күшейту және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу міндеттелді.