«Гендерлік және отбасылық мәселелерді шешудегі мемлекеттік қызметшілердің рөлі». Бүгін осындай тақырыпта семинар-тренинг өтті. Оған мемлекеттік органдардың 25 қызметкері қатысты. 


Бес күн бойы біліктілігін арттырғандар курс барысында пікірталас өткізіп, шағын жобалар қорғап, өз ұсынысын ортаға салды. Мұндай шаралар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға көмектеседі, дейді ұйымдастырушылар.