Білім беру жүйесінің сапасын арттыру, менеджмент, инфрақұрылым және жасөспірімдердің қауіпсіздігі. Бұл мәселелер бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен кеңейтілген алқа жиынында талқыланды. Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева саладағы біршама олқылыққа тоқталып, алда атқарылар жұмыстарды таныстырды.