Ә.МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Өңірде қысқы спорт түрінен жарыс басталды. Шаңғы сайысы Әлия Молдағұлованың ғасыр мерейтойына арналған. Облыстағы кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да бабы мен бағын сынады.
Спортшылардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Жалпы саны 100-ге жуық қатысушы бақ сынайды. Шаңғышылар додасы Кірпіштідегі облыстық спорт мектебі алаңында ұйымдастырылды.