Бүгінде аймақ арулары қоғамның кез келген саласында еңбек етеді. Соның ішінде түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі 25 пайыздан асады.
Өңір аумағындағы аудандарға қарасты 12 ауылдық округтің әкімі де нақ осы әйел азаматтар. Нәзік жандар әсіресе білім, мәдениет және әлеуметтік салаларда көптеп қызмет етеді. Оларға облыстық әкімдік тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп келеді.