Табиғаттың біз білмейтін сырына қанық жандар бар. Олар тал мен теректің тіршілігіне жауапты. Әңгіме орманшылар жайында. Жұмыстың көбі түзде орындалатындықтан, ала форманы киіп, ағаштарды баптайтын азаматтар дерсіз. Алайда, аталған қызметте нәзік жандылар да жетерлік. Солардың бірі - Наргиза Қуанышева. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында арнамыздың түсірілім тобы еңбек иесінің жауапты жұмысымен танысып қайтты.