9 наурыз - қазақтың мәдениеті мен әдебиеті, қылқалам өнерінің дамуына өшпес үлес қосқан Тарас Шевченконың туған күні. Осыған орай өңірдегі этномәдени бірлестік украин халқының ұлы перзентіне арнап дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында ақынның қазақ мәдениетіне қосқан үлесі айтылды.